$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада үш қабатты ғимарат өртенді

08.12.2025ж. 11:21
Астанада үш қабатты ғимарат өртенді
Фото: ТЖМ

Бүгін Астанада Амангелді Иманов көшесіндегі жұмыс істемейтін 3 қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабаралайды Astana TV.

ТЖМ мәліметінше, дәмхана мен ғимараттың сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк көлігі де зардап шекті.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.