$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Аяз күшейіп, ауа темпуратурасы төмендейді

08.12.2025ж. 13:15
Аяз күшейіп, ауа темпуратурасы төмендейді
Фото: pixabay

Ауа райы солтүстік өңірлерде минус 22–30 градусқа дейін, шығыста минус 27–35 градусқа дейін төмендейді, деп хабаралайды Astana TV.

Жылы күзден кейін қазақстандықтар қыстың алғашқы лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді.

Антициклон алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауын және ауаның күрт суытуын әкеледі. Түнгі уақытта термометр бағандары солтүстік өңірлерде минус 22–30 градусқа дейін, шығыста минус 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 10–20 градусқа дейін төмендейді.