Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып, 5 адам қаза тапты. Пермь-Ташкент бағытындағы көлікте Өзбекстан республикасының 49 азаматы болған. Жарақат алғандар Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Екі науқастың жағдайы ауыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың оң жағына аударылған. Ауа райының қолайсыздығы да себеп болуы мүмкін.
АЙБЕК БОРАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Самара-Шымкент" тас жолының 1024 ші шақырымында автобус көлігі аударылып, соның салдарынан 5 жолаушысы қаза тауып, 11 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
ЖАМБЫЛ ЖАЙЛЫБАЕВ, ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Облыстан мамандар-травмотолог, нейрохирург шақырылып қаралды. "АВФ" операциясы және лапроцентез жасалды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Гемодинамикасы қалыпты, емдерін алып жатыр. Екінші науқас Өзбекстан азаматы, 1974 жылғы. Диагнозы ЗЧМТ, сотрясение головного мозга, ушиб грудной клетки, Ол кісінің жағдайы қазіргі таңда қалыпты тұрақты ауыр.