$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс қайта басталды

08.12.2025ж. 16:46
Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс қайта басталды
Фото: freepik.com

Тараптар атысты бір-бірінен көріп, өзара айыптап отыр, деп хабарлайды Astana TV.

Таиланд мәліметінше, қақтығыс кезінде 2 сарбаз қаза тауып, 4 әскери жараланған. Камбоджа болса, оқ атудан 3 бейбіт тұрғын зардап шеккенін хабарлады.

Екі ел арасындағы шекара дауы жылдар бойы шешілмей келеді. Соңғы ірі қақтығыс шілде айында болып, 5 күнге созылған еді. Ол кезде екі жақтан ондаған адам қаза тапқан.

Кейін тараптар Малайзия мен АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтату туралы келісімге келген.