$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әлеуметтік желіде курс сатып, пайда табатындарға талап күшейеді

08.12.2025ж. 19:00
Әлеуметтік желіде курс сатып, пайда табатындарға талап күшейеді

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат көбейді. Жартыжылдықта 74 мыңнан аса құқыққа қайшы материал анықталып, оның 36 мыңға жуығы жойылған. Мәселе күрделенгеннен кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа талап енгізуді ұсынып отыр. Енді бес мыңнан астам жазылушысы бар аноним арналар міндетті түрде тіркелуі тиіс. Ал балаларды қауіпті контенттен қорғау үшін 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің онлайн платформаларға кіруіне тыйым салу қарастырылған. Министрліктің мәліметінше, бұл норманың енгізілуіне ата-аналардан, мұғалімдерден және қоғамдық ұйымдардан түскен өтініштер сеп болған. Мұндай шектеу Еуропаның бірнеше елінде бар. Бельгия, Германия, Франция және Италияда жасөспірімдер әлеуметтік желілерге ата-анасының келісімінсіз 13–15 жастан бастап қана тіркеле алады. Өзге жағдайларда міндетті түрде ата-ананың немесе қамқоршының рұқсаты қажет. Әлеуметтік желіде курс сатып, пайда табатындарға да  талап күшейеді. Енді психолог, нутрициолог, коуч атын жамылғандар өз материалдарын міндетті түрде белгілеуі тиіс. Яғни, оқыту контентін жариялаған әрбір адам өзінде диплом немесе сертификат бар екенін дәлелдеуі міндетті.