$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Фильм түсірерде “50/50 қаржыландыру жүйесі” қолға алынды

08.12.2025ж. 19:00
Фильм түсірерде “50/50 қаржыландыру жүйесі” қолға алынды

Соңғы кезде телеарнадан көрсетілетін контенттерге қатысты сын көбейді. Мәселе ушыққаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі  арнайы нормаларды қабылдады. Яғни, зорлық-зомбылыққа итермелейтін, боғауыз сөзді дәріптеп, адам құқығын қорлайтын материалдармен жүйелі күресті бастады. Бірақ бұл шығармашылыққа тосқауыл болмайды. Министрлік сөз бостандығын сақтай отырып, қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілетінін айтты. Әсіресе, кино туындыларға талап қатаңдатылған. Мәселен, қазір қызу талқыланып жатқан «Ауру» фильмі прокатқа «21+» деп жіберілген. Мұндай талаптар заң бойынша белгіленеді. Егер туындыда қатыгездік пен зорлық-зомбылық сахналары және бейәдеп сөздердің кең қолданылуы болса, қолданыстағы «Кинематография туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес фильмге «21 жастан бастап» жас санаты беріледі. Мұндай картиналар тек түнгі уақытта, яғни 22:00-ден 06:00-ге дейін көрсетілуі тиіс. Бұдан бөлек, қазір фильм түсірерде “50/50 қаржыландыру жүйесі” ескеріледі. Бұл — мемлекеттік қаржыландырудың жаңа моделі. Яғни, туынды бюджетінің 50%-ын мемлекет, ал қалған 50%-ын продюсер қаржыландырады. Осы арқылы жауапкершілік көбейіп, сапа артады.