$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлттық банк базалық ставка бойынша шешім қабылданатын күндерді бекітті

08.12.2025ж. 17:31
Ұлттық банк базалық ставка бойынша шешім қабылданатын күндерді бекітті
Фото: ҚР Ұлттық банк мұрағаты

Ұлттық банктің ақпаратынша, келер жылы базалық ставка бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Astana TV.

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарламада.

2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

  • 23 қаңтар;
  • 6 наурыз;
  • 24 сәуір;
  • 5 маусым;
  • 24 шілде;
  • 4 қыркүйек;
  • 23 қазан;
  • 4 желтоқсан.