$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 32 жыл

Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 32 жыл

Қай жағынан болсын, Қазақстаннан үлгі аламыз. Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахман осылай дейді. Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үлкен елі екі ірі стратегиялық жобаны қолға алды. Олар 2045-і жылға дейін даму жоспары мен ел астанасын көшіру. Биыл Индонезияның тәуелсіздік алғанына 80 жыл. Сонымен қатар, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 32 жыл толды. Осыған орай, елші сән-салтанаты келіскен ресми дипломатиялық қабылдау өткізді.

МОХАМАД ФАДЖРУЛ РАХМАН, ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Екі елдің саяси қарым-қатынастары өте керемет. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері қос мемлекет басшылары жиі кездесіп, байланысымызды нығайтып келеді. Сауда-саттығымыз жылдан-жылға ұлғайып жатыр. Қазақ халқына біздің туризмге ерекше қолдау білдіріп жатқаны үшін алғысым шексіз. 

СЕРІК ҚАРЫМСАҚОВ, ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ:

Қазақстан мен Индонезия арасында бизнестің дамуында өте үлкен өзгерістер бар. Біздің қазақ кәсіпкерлері жеке тұлға ретінде Индонезияда бизнес ашуы көптеп кездеседі. Керісінше, Индонезия өкілдері де Қазақстанда өз кәсібін дамытуға өте ынталы.