Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшемді бағамы 508,3 теңгені құрап, 3,69 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 504,49 теңге.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 510,94 теңге, сату бағамы – 513,59 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 508,82 теңгеден сатып алынып, 586,27 теңгеден сатылуда.
Шымкентте доллар орта есеппен 510,68 теңгеден сатып алынып, 512,95 теңгеден сатылып жатыр.