$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Facebook желісінде өзгеге жала жапқан Жамбыл тұрғынына 500 мың теңге айыппұл салынды

08.12.2025ж. 22:36
Facebook желісінде өзгеге жала жапқан Жамбыл тұрғынына 500 мың теңге айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

Сарысу аудандық соты басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн көрінеу жалған мәліметтерді көпшiлiк алдында тарату фактісі бойынша азамат Е.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Astana TV.

Сот Е.-нің өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Т. есімді адаммен хат алмасудың скриншоттарын жариялағанын, онда аурухана әкімшілігіне, оның ішінде бас дәрігер К.-ға қатысты жала жабу сипатындағы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер қамтылғанын анықтады. Жариялауда аурухана қызметкерлерінің іс-әрекеттерін теріс көрсетуге бағытталған мәлімдемелер, сондай-ақ медициналық ұйымның қызметіне байланысты негізсіз айыптаулар орын алған.

Құқық бұзушы Е. кінәсін мойындамай, теріс мәлімдемелер оған тиесілі емес екенін түсіндірді, бірақ ол хат алмасудың скриншоттарын жариялау фактісін растады.

Жәбірленуші – аудандық аурухананың бас дәрігері К. Е.-нің іс-әрекеті оның іскерлік беделіне, абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіргенін түсіндіріп, оған заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Сот, 6 кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 495 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.