$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл сайын елдегі әйелдердің 30%-ға жуығы зорлық-зомбылыққа ұшырайды

AstanaTV
08.12.2025ж. 19:00
Жыл сайын елдегі әйелдердің 30%-ға жуығы зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Жыл сайын елдегі әйелдердің 30%-ға жуығы зорлық-зомбылықты бастан кешіреді. Соның салдарынан шамамен  80-ге жуығы қаза табады. Қоғамдағы ең әлсіз топ – балаларға қатысты да жағдай алаңдатарлық. Әрбір төртінші бала зәбір көреді. Бұл жағдайлар "AMANAT" партиясының өкілдерін де алаңдатып отыр. Қалалық партия мүшелері мен «Істегі әкелер» қоғамдық қоры  дөңгелек үстел өткізді. Оған жиналғандар  жазаны күшейту жайын талқылап, зардап шеккендерге көмек көрсетудің жаңа тетіктерін  ортаға салды.

СҰЛТАН ҚАНАТҰЛЫ, «ІСТЕГІ ӘКЕЛЕР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дөңгелек үстелде еліміздегі зорлық-зомбылықтың яғни әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай азайтамыз. Яғни соны талқыға салып, тиісті құзырлы органдарға, Парламентке қарауға жіберіледі.