$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәдениет пен әдеп отбасылық ұстаным болуы тиіс

08.12.2025ж. 19:00
Мәдениет пен әдеп отбасылық ұстаным болуы тиіс

Мәдениет пен әдеп әрбір азаматтың өзінен басталады. Мемлекет басшысының бұл сөзі — әр шаңырақтың отбасылық ұстанымы болуы тиіс. Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет деген қағиданы өмір салтына айналдырғанда ғана қоғамдық орындардағы түрлі келеңсіздіктерді тоқтатуға болады. Өйткені халық көп шоғырланатын жерлерде дау-дамай мен түрлі жағымсыз оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан жас ұрпақтың осыдан сабақ алып, қате қадамнан аулақ жүруіне ықпал етуіміз тиіс, дейді аға буын.

ТАЛҒАТ ДАРҒОЖИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ СЫРЫМ АУМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қазақта жақсы бір мақал бар: әке сесті болмай, бала есті болмайды дейді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бағытында ауданымызда үлкен-үлкен шаралар өткізіліп жатыр. Ана тәрбиесі, келін мен ене тәрбиесі бағытында осы жақында бүкіл ауылдық округтерде біздің әжелердің немерелерін қосып үлкен шара өткізілді. Ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпақтың бойына сіңіру - біздің ең басты мақсатымыз.