$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «Мәңгі оянған намыс» атты оқушылар арасында өнер байқауы өтті

08.12.2025ж. 19:00
Алматыда «Мәңгі оянған намыс» атты оқушылар арасында өнер байқауы өтті

Алматыда «Мәңгі оянған намыс» атты оқушылар арасында өнер байқауы өтті. Іс-шара тәуелсіздік маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.

Өнерпаздар көркем сөз, вокал, ақындық және бейнелеу өнері жанрлары бойынша бақ сынады. Бұған дейінгі іріктеу онлайн форматта өткізілген. Байқауда оқушылардың талантын қолдай отырып, өнер арқылы ұлттық құндылықтар насихатталды. Ережеге сай, шығармалар міндетті түрде егемендік тақырыбында жазылып, шырқалатын туынды патриоттық ән болуы тиіс.

БОЛАТ ҚҰРЫМБАЕВ, ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Алатау ауданы бойынша конкурстан 100 ден аса бала қатысты. Соның ішінен 50 конкурсант шықты. Соның лауреатына бүгін 30-ы осы сахнада табысталады. Желтоқсан қалай болды, соның маңызын білсін, егемендік қалай келді, осы тақырыпта біз жыл сайын мектеп, колледж болсын кездесу жыл сайын өткізіп отырамыз.

Ақындық өнер бағыты бойынша сынға түскен қатысушылар  желтоқсан қаһармандарының ерлігін дәріптеп, қағазға түсірді. Ал, суретшілер оны қылқаламмен бейнеледі.

ДИДАР ДІЛДӘБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жасөспірімдер болашақта еліміздің тұғырлы болуына, баянды, тәуелсіздігі болуына үлкен қызмет атқаратын азаматтар. Сондықтан, бұл тәрбие тал бесіктен деген секілді бастапқы уақыттан бастап осы жасөспірімдердің болашаққа деген партиот азамат болып қалыптасуына үлкен шаралар жасалып жатыр.

Таланты таласқан өнерпаздар арасынан жеңімпаз таңдау төрешілерге оңайға соқпады. Дегенмен, нағыз үздіктер анықталып, арнайы жүлде мен сыйлықтарға қол жеткізді.