Көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыруға арналған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов автожол инфрақұрылымы сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.
«Автомобиль жолдарын нормативтік жағдайда күтіп-ұстау үшін автожол жобаларын жүзеге асырудың цифрлық мониторингін қамтамасыз ету керек.
Өңір әкімдіктері 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жергілікті жолдарды толық паспорттауды аяқтасын, сондай-ақ автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнатуды жеделдетсін», — деп атап өтті Премьер-министр.