$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Авторлық құқық объектілерін пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау енгізіледі

Авторлық құқық объектілерін пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау енгізіледі

Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет аясын нақтылау үшін Кәсіпкерлік кодекске, «Әділет органдары туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарға толықтырулар енгізілді.

«Жоспардан тыс тексерулер әділет органдары тарапынан тек авторлар мен құқық иеленушілердің өтініштері негізінде жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалып, құқық бұзушылық анықталған жағдайда оны жою туралы нұсқама беріледі. Осылайша, авторлар мен құқық иеленушілерде құқықбұзушылыққа нақты ықпал ететін тиімді тетік пайда болады – өтініш беруден бастап нақты мемлекеттік шаралар қабылдауға дейін», - деді спикер.


Қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершілік көзделген. ҚР ҚК 198-бабына сәйкес, 80-нен 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 80-нен 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.