Шу қаласының тұрғынын өз үйінде өлтіріп кеткен. Пышақ жарақатынан көз жұмған қырық жастағы әйелдің мәйіті пәтерінен табылды. Туыстарына төрт күн байланысқа шықпаған соң оны жақындары іздей бастапты. Алматыдан арнайы келген баласы үйге келгенде анасының өлі екенін көріп, полицейлерге хабар берген. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде осы ауданның 35 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
НҰРЖАН СЕРКЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Полиция қызметкерлері Шу ауданының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды.