$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдескен күдікті ұсталды

09.12.2025ж. 19:00
Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдескен күдікті ұсталды

Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдескен күдікті ұсталды. 500-ге тарта сим-картаны рәсімдеген азамат Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Дайын сим-карта қолға тигесін, алаяқтар өздерін Ұлттық банк қызметкеріміз деп таныстырыпты. Осылайша бір азаматты алдап-сулап 10 млн теңгесін олжалаған. Полиция қолданылған нөмірлердің Орал қаласында тіркелгенін, ал күдіктінің жарты жылдан бері алаяқтардың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтады. Оған берілетін сыйақы криптовалютамен төленген.  Күдіктінің үйінен SIM-карта орналастыратын құрылғы секілді түрлі техника табылды. Қазір осы қылмысқа қатысы бар өзге де азаматтар іздестіріліп жатыр.

АРТУР МҰСАҒАЛИЕВ, БҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жыл басынан бері полиция департаменті интернет алаяқтық фактілері бойынша тек қана алаяқтар емес, сонымен қатар олардың көмекшілерін де ұстау әрекеттерін де жүргізуде. Олардың ішінде біздің оқу орындарының екі студенті және қалған тағы да басқа азаматтар бар. Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізілуде.