Таиланд пен Комбоджа арасындағы келіспеушілікке байланысты қазақстандық туристерге алаңдауға себеп жоқ. Сыртқы істер министрлігі қақтығыстар аймағы курорттардан өте алыс орналасқанын хабарлады. Ведомство өкілінің айтуынша, Таиландта бірнеше мың отандасымыз демалып жүр, ешқайсысы көмек сұрап жүгінбеген. Қазақстаннан бұл елге күн сайын шамамен үш мың турист ұшады, ал консулдық есепте тұрғандар саны жүзден де аспайтын көрінеді. Министрлік жағдайды бақылап отыр. Зардап шеккендер жоқ, қосымша шектеулер де енгізілмейді.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Консулдық есепте 100–150 адам, бәлкім одан да аз болуы мүмкін. Сол себепті нақты қанша азаматымыз барын айту қиын. Бірақ қақтығыстар курорттық аймақтардан өте алыс жерде орналасқан, сондықтан біздің азаматтарға алаңдауға негіз жоқ. Елшілігіміз жағдайды бақылауда ұстап отыр, әзірге бәрі тыныш.