$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Пилотсыз такси қызметі іске қосылады

Пилотсыз такси қызметі іске қосылады

Елімізде пилотсыз такси қызметі іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты. Алдымен пилотсыз жүк көліктері жолға шығады. Онан соң  пилотсыз такси жобасы жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде көлік ішінде жүргізуші бірге отырады. Жоба Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қолданылатын үлгіге негізделмек.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Ал пилотсыз такси қызметіне келсек, ол да жоспарда бар. Заң жобасында пилотсыз таксимен бірге аэротакси мәселесін де қарастырғанбыз. Келесі жылы ол құжатты Парламентке енгіземіз. Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз.