Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер Қазақстан дайындаған «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңды қабылдады. Бұл туралы Мәскеуде өткен Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бірлескен отырысында айтылды. Қазақстандық Делегацияны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барған. Отырыс барысында қатысушылар Ассамблеяның осы жылғы қызметін қорытындылады. Биыл Парламенттегілер Ұйымға мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру және дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарды. Әртүрлі бағытта қауіпсіздікті нығайтуға арналған жаңа модельдік заңдар мен ұсынымдарды қабылдады. Олардың қатарында есірткі бизнесімен, киберқылмыс, трансұлттық терроризм, адам саудасы, қаруды заңсыз таратумен күрес мәселелері бар. Мәскеудегі іс-шара аясында парламенттік делегациялардың басшыларын Владимир Путин қабылдады. Енді 2026 жылдан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағалығы Ресей Федерациясына өтеді.