Экономикалық өсім бойынша Түркістан облысы екінші орында. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров айтты. Жыл басынан бері құны 107 млрд теңге болатын 22 жоба іске асырылған. Облыста 20 индустриалдық аймақ инвестиция тартып, түрлі кәсіпорындар ашылуда. Арасында, тау-кен, металлургия секілді салалармен қатар, азық-түлік пен логистика да бар.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде соңғы 3 жылда АӘК алушылардың саны 2 есе қысқарды. Кедейлік деңгейі 4,4 пайызға төмендеді. Ағымдағы жылдың 10 айында 112 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының тұрақты дамуының дәлелі.
Түркістан облысы агросекторымен танымал. Бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің 4/1 бөлігі де дәл осы өңірде. Сондықтан, суды үнемдеу бағытына ерекше назар аударылады. Қазірдің өзінде 114 мың гектарда заманауи технологиялар қолданылуда. Келесі жылы бұл көрсеткіш еселене түспек.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазіргі таңда бізде жоспарлаған 6 өндірісіміз бар. Олардың төртеуі ашылды. Тағы екеуін келесі жылы қосамыз. Олардың біреуі – Жетісай ауданында, екіншісі Мақтааралда. Жалпы, сол кезде 193 мың гектар аумақта суды үнемдеуге мүмкіндік пайда болады. Сол кезде өзімізге ғана емес, көрші өңірлерге де жұмыс жасайтын боламыз.