Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін мектепке дейінгі 3 мыңнан аса бала бар. Оның басым көпшілігі- сөйлеу қабілеті бұзылған, ақыл ой кемістігі бар бүлдіршіндер. Барлығы балабақшамен қамтылған. Мектепке дейінгі мекемеде балалар арнайы мамандармен жұмыс істейді. Психолог, дефектолог, логопед сияқты тар бейінді мамандар бүлдіршіндердің сауығып кетуіне көмектеседі. Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 34 мекеме бар. Мектеп, балабақшадан бөлек, оңалту орталықтары, түзету кабинеттері жұмыс істейді. Қазір мектептер жанынан да арнайы кабинеттер ашылды. 20 білім беру ордасында инклюзия орталығы жұмыс істейді. Мұнда балалардың білім алып, дамуына барлық жағдай жасалынған. Тілі дұрыс шықпаған, ой дамуы тежелген балаларды арнайы мамандар оқытады.
ІҢКӘР СЕРҒАЗИНА, ҚАЛАЛЫҚ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЛОГОПЕД МАМАНЫ:
Мұнда біз оқыту тәрбиелеу бағдарламасының түрін жазамыз. Және де педагогикалық психологиялық қолдауды мысалы бұзылыстарына байланысты. Егер сөйлеу дамуының кешеуілдеуі болып жатса, ондай жағдайда біз логопед, психолог мамандарды ұсынамыз. Психолог, дефектолог мамандарды ұсынамыз басқа жағдайларда.