9 адам зардап шеккен
Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғасы көбейген,-деп хабарлайды Astana TV.
9 желтоқсан сағат 20:00–ден бүгін сағат 06:00–ге дейін Алматыда 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 9 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ.
-Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады полиция департаменті.