Алматыда қалың қардың жаууына байланысты бірқатар әуе рейстері кешіктірілуде,-деп хабарлайды Astana TV.
Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, ұшу-қону жолағындағы қар қабаты мен көріну деңгейінің төмендеуі жағдайды қиындатып отыр.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік мақсатында әуе кемелеріне мұзға қарсы арнайы өңдеу жүргізілуде.
Жолаушыларға сапар алдында өз авиакомпанияларынан рейс мәртебесін нақтылап, әуежайдың ресми сайтындағы кестені алдын ала тексеріп отыру ұсынылады.