$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда бала қағып кеткен автобус жүргізуші қамауға алынды

AstanaTV
10.12.2025ж. 19:00
Атырауда бала қағып кеткен автобус жүргізуші қамауға алынды

Атырауда 6 жасар баланы автобус қағып кетті,  ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, нөмірі 8-ші автобус жүргізуші баланы  байқамай, алға қарай жүре берген. Жүргізушгі-58 жастағы азамат қамауға алынды.  Ол осыған дейін  де жол көлік оқиғасын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.  Кейбір деректерге сенсек, жүргізуші ұялы телефонға алаңдаған.  Ал «Атырау»автопарк басшысы  оқиға туралы сұхбат беруден бас тартты.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда қоғамдық автокөлік жүргізушісі қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Алматы қаласында да автобус жүргізуші  белгіленген жаяу жүргіншілер жолында 18 жастағы қыз баланы қағып кетті.  Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші  ұялы телефонға қарағанын растады.  Қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші тергеу изоляторына қамалды.

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қоғамдық көлік жүргізгеніме 10 жылдың көлемі болды.Телефонға   бір қарадым, секунд қой.  Жаяу жүргінші жолағынан өтті. Байқамай қалдым, оған өкінесің ғой.