$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған кім?

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған кім?

Кентауда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды.  Құқық қорғаушылар аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде.  Медициналық мекемелер де тексеріліп жатыр. Көкек ана табылар емес.

САПАРҒАЛИ ТҰРМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.