Таразда қатарласын өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды. Қайғылы жағдай 1-ші қыркүйек күні қаладағы мөлтек аудандардың бірінде болған. 15-тегі жасөспірім қатарластарымын сөзге келіспей қалған. Сөз таластырудың арты ерегеске ұласып, құрдасына пышақ сұғып алады. Кәмелеткен толмаған жеткіншек жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Сот материалдарына сәйкес екі баланың арасындағы ерегеске электронды темекі түрткі болған көрінеді. Алғашында айыпталушы қылмыс орнынан қашып кеткен. Ізі суымай ұсталып, тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізген. Сот оның кәмелетке толмағанын ескеріп, тоғыз жылға жаза кесті.
СЫМБАТ ЖҰЛДЫЗБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігі 9 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өнірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.