Жарық, су, жылу өндіретін компанияларға салық жеңілдігі енгізіледі. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын қабылдады. Оның ішінде Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты толық бостылуы мүмкін. Оған басты себеп – кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Қазір компания қарызға белшеден батқан. Бір ғана «ҚазТрансГаздың» алдында шамамен 20 млрд теңге берешегі бар. Депутат Еділ Жаңбыршин нормаға сәйкес оларға берілген субсидияның 20 пайызын коммуналдық мекеме табыс салығы ретінде кері қайтаруы тиіс. Былтыр комбинатқа республикалық бюджеттен 5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Тек қана жылу, су, ток шығаратын және мемлекет меншігіндегі коммуналдық компания, мекмелерге ғана кәсіпорындарға беріледі. Жеке кәсіпорындарға мұндай льгот жасалынбайды. Бұл неге жасалып отыр? Себебі, МАЭК тек қана бір өңірдің қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған жоқ. Бұл бүкіл Қазақстан, БҚО-дағы энергия жүйенің үлкен жүктемесін атқарып отырған кәсіпорын болып есептеледі.