$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұялы операторлардың бәрі бірдей тариф бағасын 20% қымбаттатты

10.12.2025ж. 19:00
Ұялы операторлардың бәрі бірдей тариф бағасын 20% қымбаттатты

Altel, Tele2 мен Beeline компаниялары тариф бағасын бірден 20 процентке көтерді. Үш ірі оператордың бір уақытта бірдей бағаға құнды шарықатуы қоғамда үлкен күмән тудырып отыр. Мәжіліс депутаты бұл ақылдасып, әдейі қабылданған шешім екеніне сенімді. Егер солай болса, тұрғындар амалсыз теңгесіне қарамай интернетті пайдалануға мәжбүр болады. Жанарбек Әшімжан мәселені шешу үшін нарыққа жаңа қатысушыларды кіргізіп, бәсекені арттыру қажет дейді.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл – компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе?  «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, осындай қадамдардан кейін «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасын ойлаудың өзі мұң болып қалды.