$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Келер жылдан бастап зейнетақы қорындағы шекті көрсеткіш 10 пайызға өседі

AstanaTV
10.12.2025ж. 19:00
Келер жылдан бастап зейнетақы қорындағы шекті көрсеткіш 10 пайызға өседі

Зейнетақы қорындағы шекті көрсеткіш көтеріледі. Жаңа жылдан бастап 10 пайызға өседі. Әр жас шамасына 500 мың теңгеден қосылады деген сөз. Бұл өзгерісті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляциямен байланыстырып отыр. Қазірдің өзінде шекті бағаны жинай алмай жүргендер жетерлік. Құн қосылғасын қатары мүлдем сиреп кетпей ме? Толығырақ Үсен Астана айтады.

Зейнетақы қоры десе зәрезап болатын жұртты  келер жылы айтарлықтай өзгеріс күтіп тұр. Егер жасыңыз 20 -дан асса азаматтың зейнетақы қорындағы шекті сомма 3 720 000 теңге  боп өзгереді. қазір 3 260 000 теңге болса, келер жылы 

30 жастағылар үшін  жеткіліктілік шегі 4 580 000-ден   5 120 000 теңгеге өседі.

Ал 40 жастағы ел тұрғындарының қорында келер жылдан бастап кем дегенде    6 720 000 теңге қалуы тиіс. 

Міне, осылай жалғаса береді. Бұл «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң негізінде есептелген. 

МҰРАТ ШӘРІПОВ, “БЖЗҚ” АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жеткіліктік шегін есептеген кезде инфляциядан өзге бірқатар әлеуметтік көрсеткіштер негізге алынды, ол ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері және зейнетақының ең төменгі мөлшері.

Келесі жылы  ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге болмақ.

Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.