$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Су айдындарының тарылуы сала мамандарын алаңдатып отыр

Су айдындарының тарылуы сала мамандарын алаңдатып отыр

Елімізде балық өнеркәсібі мен аквамәдениетті өркендету өте қиын. Өйткені, Қазақстандағы 8 су бассейінің жетеуі- трансшекаралық. Яғни, сырттан келетін тіршілік көзінің азаюы шаруашылықтың тоқырауына әкелуі мүмкін.  Тығырықтан шығу мақсатында мамандар қандай қам-қарекет жасауда? Тілші тарқатады.

Қызылорда облысында тауарлы балық шаруашылығымен айналысатындар  көп. Бұл бағытта мың жарым тоннаға жуық балық өсіру жоспарланған. Кәсіпкерлер шағын көлдер мен тоғандарда су маржандарын өсіруде. Жалпы аймақта балық шаруашылығы үшін маңызды 201 су айдыны бар. Ауа райының тұрақтылығы ондағы тіршілікке де қолайлы болып тұр. Алайда, мұз қалыңдап, су деңгейі төмен түссе мамандар құтқару жұмыстарын күшейтеді.

ЖАНҚОЖА САПАРОВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Су тапшылығының алдын алу мақсатында, өздері шаруашлығын жүргізу мақсатында скажиндар қазып, қолдан су қазып және арнайы отстойниктерді жасатып, суды жинай отыра, насосты пайдалана отыра тоған шаруашалығын, көлдерін дамытып келеді. Су айдынында мұз ойық ою, яғни қолдан оттегі беру тәсілдері, майнар жасау үкі ою арқылы балықты алдымыздағы көктем айына дейін аман шығару.

2021 жылдан бері балық шаруашылығы саласында субсидия көлемі 7 есе өсіп, биыл 3,5 млрд теңгеге жетті. Бұл кәсіпкерлердің салаға деген қызығушылығын арттырып отыр. Дегенмен саланың әлеуетін сақтап, дамыту үшін балық питомниктерін жаңғыртып, күрделі жөндеу жүргізу және техника мен жабдықты жаңарту қажет дейді Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы. Су айдындарының тарылуы да сала мамандарын алаңдатып отыр.

СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ, ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең маңызды мәселенің бірі Жайық пен Қиғаш өзендерінің таяздануы болып отыр. Бұл балықтардың су айдындарында еркін жүруіне кедергі келтіруде. Соған байланысты Атырау облысы әкімдігімен бірігіп түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Оған 2,1 млрт теңге бөлінді. Ал жалпы қыс мезгілінде балықтың жаппай қырылу қаупінің алдын алу және оның салдарын жою үшін бірыңғай әрекет алгоритмі бекітілді.

Елімізде балықтың 5 түрі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізілді.  Демек, бағасы да бақылауда болмақ, Ал комитет төрағасы келесі жылы балық шамамен 10-12 проценте арзандайтынын айтты.