$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда облысы Сырдария ауданында 103 жастағы ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері тұрады

Қызылорда облысы Сырдария ауданында 103 жастағы ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері тұрады

Қызылорда облысы Сырдария ауданында ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері тұрады. Яхия Тасыров 103 жасқа келгенімен қимылы ширақ, ойы жинақы, сөзі нық. Бүгінде ұрпақтарының құрмет-қошеметіне бөленіп отыр.  Ол 19 жасында 20 мың адам болып Мәскеу түбіндегі шайқас алаңына аттанғанын айтады. Жастық шағы майдан даласында өткен қария  отты жылдарды  ұмытпаған. Бүгінгі ұрпақ сұм соғысты көрмесін деп тілейді.

ЯХИЯ ТАСЫРОВ, ІІ Д.Ж. СОҒЫС АРДАГЕРІ:

42 жылы қаңтардың 15-і күні неміс от подготовка берді. Бүкіл орудиямен, нендей құралы бар соның барлығын оқ атты. Төбеден самолет тастап, жерден не, күн көрінбейді. Қара түнек болды. Сол окобта жаттық. Солардан да аман-есен қалдық.