Жастардың басым бөлігі қоғамды поляризациялайтын ұстанымдарды емес, диалог пен өзара түсіністікті қолдайды. Еліміздің жас буыны арасында радикалды идеологияларға деген көзқарас айтарлықтай өзгерген. Осылай деген сарапшылар, қазіргі жастар әсіре діншілдік пен шектен тыс ұлтшылдықтың қоғамға төндіретін қауіпін жақсы түсінеді дейді. Бүгінгі ұрпақ ақпаратты сүзгіден өткізуге, жағдайды талдап бағалауға және тұрақтылық пен дамуды алға қоюға бейім. Жастардың бұл ұстанымы олардың білім деңгейінің артуымен және ақпараттық сауаттың күшеюімен тікелей байланысты. Әлемге ашық болу радикалды ойлардың таралуына қарсы табиғи сүзгі қалыптастырып отыр дейді мамандар.
БАУЫРЖАН БАКИРОВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі жастар радикал идеялардың шынайы зардабын жақсы түсінеді. Әсіре діншілдік те, шектен тыс ұлтшылдық та қоғамның бірлігін әлсірететінін олар айқын көріп отыр. Бүгінгі буын өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын, ашықтық пен тұрақтылықты таңдайтын ұрпақ. Бұл мемлекет жүргізіп отырған ағартушылық және ақпараттық саясаттың да нәтижесі. Бастысы, жастардың басым бөлігі тек қана поляризацияны емес, диалог пен дамуды қолдайды.