$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның өз chatgpt-і пайда болды

Қазақстанның өз chatgpt-і пайда болды

Енді еліміздің өз ChatGPT-і бар. Отандық ғалымдар әзірлеген платформа қазір қолданыста. Ол ұлттық құндылықтарды сақтауға, ел тарихы мен мәдениеті жөніндегі мәліметтерді бұрмаламай жеткізуге басымдық береді. Тілі жатық, түсінігі терең бұл жүйе туралы әріптесіміз Назерке Алтынбек айтады.

Қазақи жасанды интеллект жүйесі халықаралық қосымшалардан кем түспейді. Бір платформаға бірнеше функция біріктірілген.

ЕРБОЛ АБСАЛЯМОВ, АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР:

Маңызды фокус қазақ тіліне арналған. Біздің тарихымызға, салт-дәстүрімізге, мұрамызға. Ол мәтінге жауап береді. Аударады. Сосын, суретті сізге сипаттайды. Аудионы да растайды әрі сипаттайды. Екінші модель "бейнеле", оған мәтін бересіз, сол мәтін бойынша сурет салып береді. Яғни, бейнелейді. Немесе, суретті бір жерін өзгерту керек болса, оны да істей алады.

АМИНА БАЙКЕНОВА, ӨНІМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Платформа әзірге сайт нұсқасында жұмыс істеп тұр. Арнайы мобильді қосымша келер жылы қалың көпшілікке жол тартпақ. Қазірдің өзінде қызығушылық жоғары. Платформаға қосылып жатқан қолданушылар саны артып келеді. Әсіресе жастар жағы белсенді.

Жүйенің қазір 7 мың қолданушысы бар. Бүгін платформаның 4 бөлімі таныстырылды. Мәселен, бірі сөйлеп тұрған спикердің сөзін бірден үш тілге синхронды аударады, бірі қолжазба мәтінді жете түсінеді. Мұнда мазмұнның дәлдігі мен тіл тазалығы -басты талап.

АҚЫЛБЕК МАҚСҰТОВ, ДЕРЕКТЕР ТАЛДАУШЫСЫ:

Ең басты назар аударғанымыз ол ақпараттар, ақпараттар жиналған кезде оның қазақ тілінде болуы және грамматикалық жағынан, мағыналық жағынан дұрыс болуына назар аудардық. Бізде чат гпт бар дипсинг бар, бірақ олар қазақ тілін бірінші орынға қояды деп ойламаймын. Өйткені олар жасалған кезде алдымен ағылшын тілінде үйретіледі. Ал дипсинг алдымен Қытай тілінде. Біз де өз тілімізді жоғалтпай бірінші орынға қою үшін осы ЖИ ойлап шығардық.

Болашақта функционалын кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске қоспақ.