Қарағанды қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қызметкерлері арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Жұмысшы мамандықтары жылының аяқталуына орай “AMANAT” партиясының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған сайысқа еліміздің түкпір- түкпірінен келген 21 команда қатысты. Олар - кәсіптік және техникалық орта оқу орындарының оқытушылары. Педагогтарды осындай шараларға тарту арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық мамандықтарға жастардың қызығушылығын көтеру көзделіп отыр. Өйткені кәсіби білім беру ұйымдарының білікті кадрлар даярлаудағы рөлі өте маңызды. Елдегі өндіріс орындарына қажетті мамандардың басым бөлігі дәл осы колледждерде білім алады.
ЛЕЙЛА ОСПАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Турнир 2021 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілуде. 4 жыл бойы облыстық деңгейде өткізілсе 5- інші жылы үлкен республикалық дейгейде ауқымды өткізіліп жатыр. Турнирдің мақсаты бұқаралық спортты дамыту, қызметкерлер арасында командалық рухты нығайту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру болып табылады.