$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылының тұрғындары жарықсыз отыр

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылының тұрғындары жарықсыз отыр

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылының тұрғындары жарыққа жарымай отыр.  20 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда электр қуаты екі күннің бірінде өшетін көрінеді. Тіпті, бірнеше күн жарықсыз отырған кездеріміз де болды дейді жұрт.

Ауылда май шамның саудасы жүріп тұр. Себебі, жарық бір сөнгенде сағаттап емес, бірнеше күн жоқ болуы әбден мүмкін.

ЖАННА СЕКЕЛБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қалаларда свет өшсе екі сағатта үш сағатта жоқ дегенде төрт сағатта жасайды ғой. Ну сегіз тоғыз сағатта су свет өшу деген енді ақылға сыймайтын дүние ғой.

ТҰРСЫНБЕК ӘЗЕРАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Свет жоқ болса бәрі зависит светке. Вайфай жоқ. Интернет жоқ. Су жоқ. Свет өшті бітті бәрі жоқ.

Ал ауыл әкімі тұрғындардың сөзін жоққа шығарып отыр. Тек анда-санда өшеді дейді жарық.  

НҰРБОЛ ЕСЕНБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бір жарым екі айдың ішінде төрт рет өшкен. Төрт рет өшкен. Бұған дейін сұранысын бердік. Енді тарапта бұның бәрі бюджеттің қаражатына байланысты. Өйткені халық санына байланысты ұсыныстарымызды тастап отырмыз.  Жиырма мыңдай халық бар. Почти екі мыңға жуық үй бар деп.

Ауылдағы жалғыз мәселе электр қуаты емес. Қаңғыбас иттер, көшені жарықтандыруды айтпағанның өзінде ауылда газ жүйесі жоқ, қарапайым емхана да дұрыс емес.  Ұядай ғимарат талапқа сай емес. 

НҰРБОЛ ЕСЕНБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазіргі таңда әкімшілік тарапынан қосымша 50 соток жер телімі қарастырылған. Дом культураға және поликлиникаға. Біз тарапымыздан сұраныс бердік. Енді оның бәрін бірінші проект жасалынады. Одан кейін барып СМР ні қаражат сұратылады.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Жаңалық жұртшылығы бүгін де мәселелеріне мардымды жауап ала алмады.  Әкім тиісті органдарға сұраныс жібердік деп қысқа қайырды. Бірақ оның қашан қаралатыны, түйткілдің қалай шешілетіні белгісіз күйінде қала берді. Ауыл жұртының жарығы өшкенімен, жағдай жақсарады деген үміттері өшпей тұр.