$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысында балаларды бақылауға арналған «E-Bakylau» жүйесі енгізілді

10.12.2025ж. 17:08
Жетісу облысында балаларды бақылауға арналған «E-Bakylau» жүйесі енгізілді
Фото: pixabay

Жетісу облысы Панфилов ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған «E-Bakylau» цифрлық жүйесі енгізілді.

Жүйе педагогтарға балалардың мектептегі бейімделу көрсеткіштерін күнделікті тіркеп, зорлық-зомбылық немесе немқұрайлылық белгілерін тексеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның басты мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен зорлық-зомбылықтың алдын алу.