$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе -Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмды

10.12.2025ж. 18:23
Ақтөбе -Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмды
Фото: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі

 DV 712 рейсі Алматыға бағыт алғанымен, Ақтөбе әуежайына қайта оралды 

SCAT әуе компаниясының DV 712 рейсі кеше кешкілік Ақтөбе-Алматы бағытында жолға шықты. Алайда көп ұзамай жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінді. Сол кезде әуе командирі Ақтөбе әуежайына қайта оралуға шешім қабылдайды. Ұшақ сағат 22:50-де Ақтөбе әуежайына қайта қонған. 

-Ұшақ әуежайға қорған соң шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Рейстің барлық жолаушысы ұшақ бортында болды. Авиацияның қауіпсіздік талабы осы. 9-желтоқсан күні сағат 01:36-да әуе рейсі Алматыға бағыт алды, - деп хабарлады Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жолаушы жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.