$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелді

10.12.2025ж. 20:19
Ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелді
фото: pixabay

Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Түркістан облысында 18:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.