$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында жөндеу жүргізіп жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті

10.12.2025ж. 19:35
Қарағанды облысында жөндеу жүргізіп жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті
фото: ҚТЖ

Бүгін  сағат 17:15-те Шешенқара мен Қаражаңғыл арасындағы Мойынты – Шығанақ учаскесінде жоспарланған теміржол ауыстыру жұмыстары кезінде жүк пойызы апаттық жағдайда тоқтады. Сол кезде Сарышаған станциясының бригадасы жолда болған.

Қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы қаза тапты.

“ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарма төрағасының нұсқауы бойынша компанияның бас инженері басқаратын арнайы комиссия құрылды. Комиссия оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына барды.