Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында өзінің «Stranger» шоуын қояды. Бұл кешенге 14 мыңға дейін көрермен сияды.
Дәл осы әйгілі сахнада әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсеткен. Атап айтқанда, Брайан Адамс, Deep Purple, Depeche Mode, Эд Ширан, Энрике Иглесиас, Эрос Рамаццотти, Кэти Перри және т.б. Мұнда Димаш Құдайберген 12 желтоқсанда өнер көрсетпек.