$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды. Оқиға Алматы - Өскемен тас жолының 462 шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Киа автокөлігін тізгіндеген жүргізуші ауа райының қолайсыздығынан абайсызда қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Тойота көлігіне соғылып, төрт адам  жан тапсырды. Тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.