Атырауда екі азамат белгісіз жағдайда көз жұмды. Индер ауданы Есбол ауылының 49 жастағы тұрғыны жалғыз тұрған. Оған ауылдас танысы қонаққа келіпті. Ал таңертең үйге келген туыстары екі жігіттің мәйітін тапқан. Ауыл әкімінің мәліметінше, марқұмдардың денесінде ешқандай соққы іздері болмаған. Газдан да уланбаған. Ұйқысынан оянбай қалыпты. Қазір сараптама тағайындалып, қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Индер ауданы Есбол ауылында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде 48 және 39 жастағы ер адамдардың мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстың іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медициналық сараптамас тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жариялауға жатпайды.