$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан утиль алымнан неге бас тарта алмайды? - Р. Скляр түсіндірді

11.12.2025ж. 19:00
Қазақстан утиль алымнан неге бас тарта алмайды? - Р. Скляр түсіндірді

«Қазақстан утиль алымнан толық бас тарта алмайды». Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәселеге қатысты үкіметтің ұстанымын түсіндірді. Утиль алым – автокөлік өндірушілері үшін қайтарылатын төлем. Ол экологиялық заңнамада және Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларында нақты бекітілген. Шетелден бөлшектелген күйде әкелінетін көліктер үшін өндірушілер алдымен «Жасыл Даму» қорына белгілі бір соманы төлейді. Ал автомобильді жинап, сатқаннан кейін бұл ақша сол кәсіпорынға қайта қайтарылады. Алайда мұның импортталған дайын тұлпарларға  қатысы жоқ. Олар үшін төленген төлем «Жасыл Дамуда» қалады.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Төлемді бірден есептен шығару механизмі тиімді болар еді, бірақ заң оған мүмкіндік бермейді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде біз кедендік бажды 30%-дан 15%-ға дейін төмендеттік. Оның орнына осы утиль алым енгізілді. Бірақ ол экологиялық мақсаттарға жұмсалуы тиіс. Егер біз осы тікелей төлем нормасын алып тастасақ, бұл серіктестерімізге түсініксіз көрінуі мүмкін.