$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қазақстан мен Украина ортақ түсіністікке келген», - СІМ

«Қазақстан мен Украина ортақ түсіністікке келген», - СІМ

Каспий құбыр консорциумы нысандарына жасалған шабуылына байланысты Қазақстан мен Украина ортақ түсіністікке келген. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев айтты.   Министр украиналық әріптестерімен Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңесінде жолыққанын растады.  Онда тараптар  екіжақты ынтымақтастық, сауда қатынастары және қауіпсіздік мәселелерімен бірге Каспий құбыр консорциумының жағдайын талқылаған.

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Украиналық тараппен жағдайдың тұрақты болуы керектігі жөнінде түсіністік бар.