$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Америка азаматтығын 1 млн долларға сатады

Америка азаматтығын 1 млн долларға сатады

Енді Американың азаматтығын кез келген елдің тұрғыны сатып ала алады. Дональд Трамп иммигранттарға арналған «Алтын картаны» ресми түрде сатылымға шығарғанын мәлімдеді. Жаңа визаның бағасы 1 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр.  Яғни,  қалталы шетелдіктердің қысқа уақытта америкалық атануына мүмкіндік бар. АҚШ билігі осылайша бір оқпен екі қоян атуды көздеп отыр. Бірінші кезекте жергілікті компанияларға жоғары білікті мамандарды іріктемек. Әрі бұл тәсіл ел қазынансына 100 млрд доллардан астам инвестиция әкеледі деп отыр.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен үшін де, ел үшін де бұл өте маңызды оқиға. Біз бұл картадан түскен табысты түгел Америка Үкіметіне бағыттаймыз. Жоба өте ауқымды қаржы әкеледі. Әрі біздің ұлы компанияларымыз ақыры баға жетпес қызметкерлерін сақтап қалатын болды. 

АҚШ сауда министрі Говард Лютниктің мәліметінше, аталған картаны алу үшін 10 мың адам тіркеліп үлгерген.  Өтінім берудің өзіне 15 мың доллар тағы төлеу керек. Ресми билік алда «платинум карта» шығатынын айтады. Оның бағасы әр адам үшін 5 млн доллар болмақ.