$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Құпия санта" ойнап, қылмыскер атануыңыз мүмкін

"Құпия санта" ойнап, қылмыскер атануыңыз мүмкін

"Құпия санта" ойнап, қылмыскер атануыңыз мүмкін. Немесе,  алаяқтарға жемтік болу қаупі жоғары. Жаңа жыл қарсаңында threads әлеуметтік желісінде бір ойын белең алды. Яғни, кез келген адам өзінің банк картасын жариялап, өзге біреулер оның шотына ақша жібергенін күтеді. Нәтижесінде, көп адам картасына ақша түсіп жатқанын скрин арқылы дәлелдеген. Алайда танымал заңгер бұл арқылы алаяқтар жаңа схема жасауы мүмкін деп отыр.  

НҰРСҰЛТАН ОРЫНБЕКОВ, ЗАҢГЕР:

Қазір дроперлік деген қылмыстық кодекстің жаңа бабы енгізілді. Сол секілді түрлі есірткі айналымындағы кажаттар, интернет алаяқтарының қаражаттары сіздің шотыңызға  түсіп, бізге шешіп беріңізші деп айтуы да мүмкін. Екінші кезекте бұл цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ұстанымы болу керек. Ешқандай жеке дерек әлеуметтік желіге салынбауы керек. 16 сандық кодтың өзінен қай банкке тиесілі карта, ішінде қандай валютада ақша сақталғаны туралы толық ақпаратты біле алады. Былайша айтқанда алаяқтарға өз дерегіңізді, өз қолыңызбен салып бересіз.