$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Алматыда кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы  кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Бұл - республика бойынша осындай форматта өткен тұңғыш жиын. Бастама отандық бизнесті қолдауға бағытталған. Басқосуға бизнес-қоғамдастық өкілдері мен түрлі салалар бойынша профильдік кеңес мүшелері қатысты. Жиында мегаполис кәсіпкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ең басты мәселе менің ойымша қазір Алматыға тән бұл енді жұмыс орындары. Неге десеңіз, негізгі жұмыс беруші Алматы қаласында орта және шағын орта бизнес. Сондықтан бұның әлеуметтік жағы да өте өршіп кетуі мүмкін. Соған байланысты бүгін көптеген мәселелерді талқылап жауап беруге, жауап бермесек ертең республикалық үйлестіру кеңесінде жауабын беретін боламыз.