$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Студенттер шұлық фабрикасының жұмысымен танысты

Студенттер шұлық фабрикасының жұмысымен танысты

Шымкентте «AMANAT» партиясы студент жастарды өндіріс орнымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды. Шара «Әлем-БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Balabi Textile» фабрикасында өтті. Шараға партия өкілдері, еріктілер, жастар ұйымының мүшелері және қала колледждерінің бітіруші студенттері қатысты. «Balabi Textile» фабрикасы жылына 50 миллион жұпқа дейін шұлық өндіреді. Мұнда 500-ге жуық жоғары технологиялы тоқыма станоктары жұмыс істейді. Кәсіпорын табиғи жіптен жасалған ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған түрлі үлгідегі өнімдер шығарады. Өндірілген тауардың басым бөлігі экспортқа жіберіледі. Бүгінде фабрикада 360 адам жұмыс істейді, жалпы 500-ден астам жұмыс орны құрылған. Компания алдағы жылдары үшінші фабрика салуды жоспарлап отыр. Экскурсия барысында студенттер өндіріс процесін көріп, мамандардан кәсіби бағыт бойынша кеңес алды және өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз еңбек адамына деген, жұмысшы мамандықтарына деген құрметті одан ары жалғастыра беруіміз керек. Жалпы жыл басынан бері 45 іс-шара өткізу жоспарланған болатын. Бүгінге дейін 50-ден астам іс-шара өткізіліп, 2,5 мыңнан астам жас қамтылды.