$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Таза Қазақстан" акциясына белсенді атсалысқандарды «AMANAT» партиясы марапаттады

AstanaTV
11.12.2025ж. 19:00
"Таза Қазақстан" акциясына белсенді атсалысқандарды «AMANAT» партиясы марапаттады

"Таза Қазақстан" акциясы аясында  еліміздің әр өңірінде әр бейсенбі сайын "AMANAT"  партиясының "Таза бейсенбі" іс- шарасы өтеді. Бүгін Павлодар мен Алматы облысында жастар қаланы қардан тазартса, елордалық еріктілер мен бірқатар мекемелер акцияға ат салысқандары үшін марапатқа ие болды.

Павлодарда жастар тұрғын үй аулаларын қардан тазалады.  Кейінгі күндері жауған қалың қардан үй маңында жүру қиындады. Коммуналдық қызмет күні түні жұмыс істеп жатыр. Алайда, барлығын бірдей бір уақытта тазалап тастау мүмкін емес. «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері  коммуналдық қызмет өкілдеріне қолғабыс жасады.

НАЗГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Алдағы уақытта да біз қала аулаларын, саябақтарды тазалауға жоспарлап жатырмыз. Барлық қала тұрғындарын қаламызды таза ұстауға шақырамыз.

«Таза бейсенбі» аясындағы тазалық жұмыстары Талғар қаласында да жалғасын тапты. Экологиялық науқанға 30-дан аса адам қатысты. Белсенділер бұл жолы «Жеңіс» саябағындағы жаяу жүргіншілер жолын қалың қардан тазартып, тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етті.

СЕРІК ДУМЧИБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өздеріңіз көріп тұрғандай, жұмысшыларымыз бар, қала тұрғындары бар, жастар бар. Солармен бірлесіп, әрбір бейсенбі сайын осылай жинауға шығып тұрамыз. Бүгінгі жоспар бойынша бізде осы мынау «Жеңіс» саябағының қарын күреп, жолдарын ашып, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал елордада аталған тазалық акциясына белсенді атсалысқандар   марапатқа ие болды. Жыл бойы Алматы мен Сарайшық ауданының тазалығына білек сыбана  кіріскендерге партия өкілдері сый-құрмет көрсетті. 

ДӘУЛЕТ ТӘҢІРБЕРГЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Көктем шыққаннан осы қысқа дейін осы "Таза Қазақстан" акциясына қатыстық, көшелерде бір шама талдар өткіздік,сенбіліктерге қатыстық, бейсенбіліктерге қатыстық сонымен қатар жастарды тазалыққа үгіттейтін шаралады ұйымдастырдық сол шараға өзімізде бүкіл бар болмысымызбен демалыстағы алтын уақыттарымызды бөліп елордамыз үшін еңбек еттік деп ойлаймын.

2 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тазалық акциясы әлі жалғасады.